Mucaltin

АКЦИЯ

Мукалтин
жөтелге қарсы
шөптен жасалған дәрілік зат
Тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы ауруларында: бронхит, пневмония

Мукалтин® препараты туралы

Мукалтин — көптеген жылдар бойы химиялық препараттарға қауіпсіз балама немесе оларға қосымша зат ретінде қолданылған жөтелге қарсы шөптен жасалған дәрілік зат.

Мукалтин® препаратының ерекшеліктері

Жөтелдің ауырлығы мен ұзақтығын азайтады
Тыныс алу жолдарындағы ісінуді жояды
Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға қолдануға болады
Басқа дәрілермен бірге қолдануға болады
Құрамы табиғи
Нарықта 1996 жылдан бері сатылып келеді

Мукалтинді® қалай қабылдау керек

Ересектер мен 6+ жастағы балаларға
Тамақтанар алдында
1 - 2
таблеткадан
3 - 4
тәулігіне
Емдеу ұзақтығы
Әдетте
7-14 күнді құрайды
Балаларға
препараттың таблеткасын
1/3 стақан
жылы суда және/немесе минералды суда ерітіп беруге болады
Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
Белсенді зат: 50.00 мг дәрілік жалбызтікен құрғақ экстрактісі (Мукалтин),
Қосымша заттар:шарап қышқылы, Effer-Soda® 12, микрокристалды
целлюлоза, кальций стеараты.
Дәрілік түрі
Таблеткалар 50 мг
Сипаттамасы
Күңгірт және ақшыл теңбілдерімен кремнен қоңыр түске дейінгі, жалпақ цилиндр пішінді, ойығы бар таблеткалар.
Фармакологиялық қасиеттері
Мукалтин® дәрілік жылбызтікен шөбінен жасалған полисахаридтер қоспасы болып табылады, қақырық түсіретін қасиеттері бар. Рефлекторлы көтермелеудің арқасында жыпылықтайтын эпителий белсенділігін және бронх бездері секрециясының күшеюімен қосылған тыныс алу бронхиолаларының перистальтикасын күшейтеді. Натрий гидрокарбонаты қақырықты сұйылтады және бронх секрециясын біршама арттырады.
Қолданылуы

Бөлінуі қиын тұтқырлығы жоғары қақырық түзілуімен қатар жүретін тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы ауруларында:

  • обструкциялық бронхит
  • трахеобронхит
  • пневмокониоз
  • бронхоэктаздық ауру
  • пневмония
  • өкпе эмфиземасы
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге және балаларға 6 жастан бастап тамақтанар алдында 1-2 таблеткадан тәулігіне 3-4 рет қабылдау керек.
Емдеу курсы әдетте 7-14 күнді құрайды.
Балаларға препараттың таблеткасын 1/3 стақан жылы суда ерітіп беруге болады.
Жағымсыз әсерлері
  • тері бөртпесі, қышыну түріндегі аллергиялық реакцияа
  • диспепсия, жүрек айну
Қолдануға болмайтын жағдайлар
  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы
  • 6 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Мукалтин® препаратын бронх-өкпе ауруларын емдеу кезінде қолданылатын басқа да препараттармен бір мезгілде тағайындауға болады.
Мукалтин® препаратын құрамында кодеин және жөтелге қарсы басқа дәрілік заттар бар препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені бұл сұйылған қақырықтың жөтелмен шығуын қиындатады.
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезінде ана үшін болжамды пайдасы шаранаға немесе сәбиге төнетін ықтималды қатерден артық болатын жағдайларда ғана қолдануға болады.
Препараттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары: жүрек айну, құсу.Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз